Ақтауда жасөспірім қызды қылмыстық полиция қызметкерлері достарының үйінен тапқан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Полиция департаменті үш аптадан бері үйіне бармаған Анастасияның денсаулығы жақсы екенін жеткізді.
- Ата-анасы шақырылып, профилактикалық әңгіме жүргізілетін болады, - деді полиция департаменті.
Анастасияның анасымен де байланысқан едік. Ол қызының табылғанын, полиция департаментінен алып кетуге бара жатқанын айтты.