Ерекше қорғалатын табиғи аумақ "Қарақия-Қаракөл" қаумалының инспекторлары рейдтік іс шара жүргізу кезінде Ақтау іргесіндегі Қаракөл көлі аумағынан 30 дана өлген сыбырлақ аққудың денелерін тапты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Құстардың өліміне байланысты тиісті ветеринарлық сынамаларды алу үшін «Үстірт» қорығы тарапынан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, АШМ бақылау және қадағалау комитетінің МО аумақтық инспекциясына хабарланды. Ақтау қалалық ветеринарлық станциясының мамандары 22 желтоқсан күні өлген құс денелерінен тиісті сынамалар алды.
Сонымен қатар, Алматы қаласындағы Микробиология және вирусология өндірістік орталығы" ЖШС-нің вирустар экологиясы зертханасынан қызметкерлер келіп, тиісті зертханалық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сараптама қорытындысы шыққан соң аққулардың өлу себебі белгілі болады, делінген МО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық иснпекциясы таратқан ақпаратта