38 шағын аудандағы 7 Qazyna тұрғын үй кешенінің 5-үйінің сыртқы қаптамасы өртенді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"101" пультіне шақыру Астана уақыты бойынша сағат 01:02-де түскен.
Оқиға орнына 19 қызметкер мен 5 бірлік техника жіберілген. Өрт сөндірушілер шақыру орнына сағат 01:15-те жеткен. Төтеншеліктер тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы жанғанын анықтады. 2-қабаттан 6-шы қабатқа дейінгі үйдің сыртқы қаптамасы өртенген.
Зардап шеккендер жоқ. Өрт пәтерлерге таралмаған.
ТЖД ақпаратына сүйенсек тұрғындар өздігінен үйден шығып үлгерген. Алдын ала болжам бойынша 170 шаршы метр аумақ отқа оранған. Өрт сағат 01:31-де толық өшірілді. Құрылымды талдау жұмысы жүріп жатыр.