Ақтауда түнгі кезекшілікте және таңертең автомобиль және жаяу жүргіншілер жолына 11,25м3 құм және 9 тонна тұз аралас қоспа себілді. Жолдарды қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Компания Строй Инвест 2020» ЖШС жұмысшылары 14.12.2023 жылы түнгі кезекшілікте және таңертең жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында ең алдымен көшелерге, аялдама, мектеп айналасы, балабақша, аурухана, баспалдақтар, жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазалады.
Аталған жұмыстарға 134 жұмысшы, 4 маз пескоразбрасыватель, 1 погрузчик, 7 газель, 3 автобус жұмылдырылды.
Түнгі кезекшілікте және таңертең мына мекен-жайларға 11,25м3 құм және 9 тонна тұз аралас қоспасы себілді:
-№3 автожолы, «Қашаған» ескерткіші мен «Ардагер» СҮ аралығы, (спуск);
-№7 автомобиль жолы, кафе «Айдын» маңы, спуск;
-№7 автомобиль жолы, «Самал Резиденция»(спуск);
-№15 автомобиль жолы, 14 және 15 аралығы, спуск;
-№21 автомобиль жолы, «Асар-С» СҮ, спуск;
-№21 және 16 автомобиль жол қиылысы, (спуск);
-№25 автомобиль жолы, «Шерқала» СҮ,(спуск);
- №9 және 14 автомобиль жол қиылысы, базар маңындағы айналма жол(круговой);
-№ 9 автомобиль жолы, «Заман» СҮ, (спуск);
-№1 автомобиль жолы, Ботаникалық бақ - «Заман» (спуск).
Күндізгі кезекшілікте жол қауіпсіздігін сақтап, көктайғақтың алдын-алу мақсатында мына мекен-жайларда қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде:
- № 21 автомобиль жолы, «Асар-С» сауда орталығы маңы (спуск-подъем);
- №21Б автомобиль жолы, 26 шағын аудан, облыстық аурухана (спуск-подъем);
- № 9 автомобиль жолы, «Заман» СО (спуск-подъем);
- №10 автомобиль жолы, 5 шағын аудан, 1 үй маңы;
- № 3 автомобиль жолы, «Қашаған» ескерткіші (круговой,спуск-подъем);
- № 16 «б» автомобиль жолы, 9 және 14 шағын аудан аралығы;
- № 15 автомобиль жолы, 14 және 15 шағын аудан аралығы;
- № 7 автомобиль жолы, Самал Резиденция – 4 шағын аудан 9 үй;
- №1 автомобиль жолы, «Дана» СО маңы (порыв);
- №14 автомобиль жолы, Военкомат – ГУВД жолы;
- № 3, 3А,7, 18, 20, 24, 26, 31 автомобиль жолдарында, аялдама және жаяу жүргіншілер жолдары.
Сондай-ақ, шағын аудан ішілік жолдарға құм-тұз себу жұмыстарына «Ақжол+К» мекемесінен 3 дана техника мен 200-ден астам қызметкерлер жұмырылды. Мердігер мекеме қызметкерлері шағын аудан ішілік автомобиль және жаяу жүргіншілер жолдарына 4 тонна құм-тұз аралас қоспа сеуіп жатыр.