Ақтауда 14 және 28 шағынаудан тұрғындары үш күннен бері контейнерлердегі қоқыс шығарылмайтынын айтып, шағымданып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Қоқыс контейнерлері үш күннен бері толып тұр. Қоқысты қайда тастауымыз керек? Жанында шашылып жатуы керек пе? Мен төменгі шағынаудандарда болдым, ол жақта толып жатқан контейнерлерді көрмедім. Коммуналдық қызметшілер біздің шағынауданды айналып өтетіндей әсер қалдырады», - дейді 28 шағынаудан тұрғыны.
Дәл осындай шағымдар 14 шағынаудан тұрғындарынан да түсіп жатыр. Редакция Каспий Оперейтинг-тен жауап күтеді.