Жаңаөзен қаласының тұрғындары желіде жылудың жоқтығын айтып, шағым білдірді деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тұрғындардың айтуынша, пәтерлеріндегі жылу үйді жылытпайды. Тіпті жылу батареяларының мұздағаны сонша, үй мен даланың айырмашылығы жоқ.
Бұл мәселеге қатысты "Өзенжылу" МКК директоры жауап берді. Оның айтуынша, қаладағы көппәтерлі үйлердің барлығына жылу қалыпты берілген.
«Қалада 262 көппәтерлі тұрғын үй бар. Әр шағынаудан бойынша жылу жүйесін бақылауда ұстайтын мамандар да қарастырылған. Қаладағы шағынаудандардың барлығына жылу барып тұр. Мәселе жеке пәтерлерде болуы мүмкін. Оған себеп әртүрлі: жылу батареяларының ескіруі, дұрыс жалғанбауы секілді мәселелер бар. Осы себептен тұрғындардың келіп түскен өтініші аясында мамандар жұмыс істейді»,- деді "Өзенжылу" МКК директоры Берік Еңсепов.
Жаңаөзен тұрғындары жылу мәселесіне қатысты мына нөмірлерге хабарласа алады:
1 ш/а: 73-1-85, 8775 660 5880;
2ш/а: 74-5-39, 8775 647 7484;
3ш/а: 72-0-43, 8775 637 7630;
4ш/а: 46-1-10, 8778 802 9056;
5ш/а: 48-5-43, 8775 654 5542;
6ш/а(1-8,14,15 үйлер): 8702 899 4026