© knews.kg
«МАЭК» ЖШС мәліметіне сәйкес, ауыз су деңгейін тұрақтандыру үшін 10-шілдеден бастап қаланың шағын аудандарына ауыз су беру келесідей тәртіппен жүзеге асырылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
№3-Орталық сумен жабдықтау торабы (ОСЖТ) төменгі және жоғарғы аймаққа бөлінеді.
Төменгі аймаққа 1-ден 8 ш/а-ға дейін, 21-ден 23 ш/а-ға дейін, 25 ш/а жатады.
Аталған шағын аудандарға су төмендегідей тәртіппен беріледі:
07.00 - ден 10.00-ге дейін ауыз су 5 кг / см2 қысыммен беріледі.
10.00 - ден 18.00-ге дейін ауыз су 3,5 кг / см2 қысыммен беріледі.
18.00 - ден 22.00-ге дейін ауыз су 5 кг / см2 қысыммен беріледі.
22.00 - ден 24.00-ге дейін ауыз су 3,5 кг / см2 қысыммен беріледі.
24.00 - ден 07.00-ге дейін ауыз су 3 кг / см2 қысыммен беріледі.
Жоғарғы аймаққа 9-дан 15 ш/а-ға дейін, 16 ш/а №11, 36, 36/1, 36/2, 39, 40, 41, 42, 44, 73 үй, 17 ш/а №1, 20, 21 үй, 24 ш/а, 26-дан 29 ш/а, Толқын-1,2, 29А ш/а жатады.
Аталған шағын аудандарға су төмендегідей тәртіппен беріледі:
07:00-ден 10:00-ге дейін ауыз су 7 кг / см2 қысыммен беріледі.
10.00-ден 18.00-ге дейін ауыз су 5,5 кг / см2 қысыммен беріледі.
18.00- ден 22.00-ге дейін ауыз су 7 кг / см2 қысыммен беріледі.
22.00-ден 24.00-ге дейін ауыз су 5,5 кг / см2 қысыммен беріледі.
24.00 - ден 07.00-ге дейін ауыз су 5,0 кг / см2 қысыммен беріледі.
«Каспий жылу, су арнасы» МКК мәліметіне сәйкес, №4 Орталық сумен жабдықтау торабына (ОСЖТ) 16-ш/а-нан 20 ш/а дейін, 30-дан 39 ш/а дейін, Шығыс 1,2,3 ш/а жатады.
Аталған шағын аудандарға су төмендегідей тәртіппен беріледі:
7.00-ден 10.00 ге дейін ауыз су 7.2 кг / см2 қысыммен беріледі.
10.00-ден 18.00-ге дейін ауыз су 3,5 кг / см2 төмендетілген қысыммен беріледі.
20.00-ден 24.00-ге дейін ауыз су 7.2 кг / см2 қысыммен беріледі.
00.00-ден 7.00-ге дейін ауыз су 3.5 кг/ см2 төмендетілген қысыммен беріледі.
Гидравликалық соққының алдын алу мақсатында сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін ауыз су қысымы біртіндеп артады.
“Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністікпен қарауды сұраймыз”, деп жазылған Ақтау қалалық әкімдігі таратқан ақпаратта.