Ақтаулық көпбалалы аналар Альфия Алланиязова және Айнұр Есмағамбетова «Жанұя» орталығында өткен тренингке қатысып, тегін бес күндік ем ұтып алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бес күндік емге массаж, от терапиясы, бұршаққа орау, банка қою және энерготерапия жатады. Энеготерапия бес күн бойы жүргізілсе, басқа ем түрлері кестеге сәйкес жүзеге асады. Энерготерапевт Шынар Әубәкірованың айтуынша, бұл емнің адам денсаулығына тигізетін пайдасы зор.
-Бізде бес және үш күндік ем бар. Массаж, от терапиясы, бұршаққа орау, банка қою арқылы адамның тәнін емдесек, энерготерапия арқылы біз адам жан-дүниесін, басқаша айтқанда, аурасын тазалаймыз. Мысалы, бұршаққа орау және банка қою сүйекке өткен суықты алуға, от терапиясы қан айналымын жақсартуға көмектеседі, - деді энерготерапевт Шынар Әубәкірова.
Энерготерапияның тегін бес күндік емін ұтып алғандардың бірі қала тұрғыны Айнұр Есмағанбетова. 43 жастағы көпбалалы ананың екі ерекше баласы бар. Айнұр Есмағамбетова қала әкімдігіне, «Жанұя» орталығына және мамандарға алғысын айтты.
-Денемдегі ауырсынулар кетіп, бес күндік емнен кейін өзімді жеңіл сезініп жүрмін. Ең ұнағаны ем түрі бұл энерготерапия. Себебі осы арқылы адам лас энергиядан, жаман ойлардан арылады деп есептеймін. Энерготерапиядан кейін адамның бойында бір жігер пайда болады. Ақтау қаласы әкімдігіне, «Жанұя» орталығына және мамандарға рақметімді айтамын, - деді көпбалалы ана Айнұр Есмағанбетова.