Ақтау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны кәмелеттік жасқа толмағандарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
-2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай түлектердің аттестат табыстау кешінің ұйымдастырылуына байланысты жасөспірімдерден қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауды сұраймыз. Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шараларды өткізу кезінде қалалық полиция басқармасының жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет атқарады. Қаладағы жол қозғалысы қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда, - деді Ақтау қалалық полиция басқармасының өкілдері.