Ақшұқыр ауылындағы Ақшұқыр мектеп-лицейі жанындағы балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын тиімді ұйымдастырып, “Балбұлақ” мектеп жанындағы лагерінде балалар демалысы қызықты өтіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
МО Білім басқармасының хабарлауынша, этнолагерьде балаларды ұлттық өнерге баулу, дәстүрлі ән мен қолөнерін үйрету, ұлттық ойындар ойнату, ұлттық тағамдар түрлерінің жасалу технологиясын меңгерту сияқты дағдылар үйретіліп жатыр.
Сонымен қатар, туған өлке тарихымен таныстыру арқылы жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіруді мақсат етеді.