Қыркүйек, қазан айларында Ақтау халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Күрделі жөндеуге байланысты жұмыс уақыты өзгереді.
- 1 қыркүйектен бастап 29 қыркүйекке дейін сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері – тәулік бойы 24 сағат, дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері – Ақтау уақыты бойынша 21-00-ден 09-00-ге дейін, күндізгі уақытта 09-00-ден 21-00-ге дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар 30 қыркүйектен 20 қазан аралығында сейсенбі, жұма күндері – тәулік бойы 24 сағат, дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сенбі, жексенбі күндері – Ақтау уақыты бойынша 21-00-ден 09-00-ге дейін (жөндеу жұмыстары күндізгі уақытта Ақтау уақыты бойынша 09-00-ден 21-00-ге дейін)жүргізіледі.
- Ұшу-қону жолағында жөндеу жүргізу жұмыстары ұшу қауіпсіздігін, әуе кемелері мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген. «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ басшылығы жолаушылардан кәсіпорынның қызметіне түсіністікпен қарауды сұрайды. Себебі біз үшін ұшу кезіндегі жолаушылардың қауіпсіздігі бәрінен де маңызды, - делінген «Ақтау халықаралық әуежайы» таратқан хабарламада.