Ақтау әкімдігінде мемлекеттік органдардың жобалық қызметі бойынша сауалнама жүргізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР БҰҰ Даму бағдарламасының консултанты Гүлнар Исенова Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұханмен мемлекеттік органдардың жобалық қызметі туралы сауалнама жүргізді. Сауалнама барысында мемлекеттік органдардың жобалық қызметінің құжатталған рәсімдері мен процестеріне талдау жасалды.
-Шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік басқару жүйесінде жобалық басқаруды одан әрі дамыту. Жүргізілген сауалнама мемлекеттік органдардың жобалық қызметін бағалауға бағыттылады. Бұл шара республика бойынша өткізілуде, - деді ҚР БҰҰ Даму бағдарламасының консультанты Гүлнара Исенова.
Шара Маңғыстау облысы жобалық офисінің басшысы Ахат Далабаев пен Цифровизация және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Мадина Тулякованың ұйымдастыруымен өтті.