Жаз мезгілінде Маңғыстау облысының аумағында дала өрттерінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды mangystаumedia.kz.
- Мамыр айында Төтенше жағдайлар департаменті тиісті мекемелердің күштері мен құралдарын тарта отырып, орман және дала өрттерінің алдын алу бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр. Бейнеу және Сам орман шаруашылықтарының базасында табиғи өрттер туындаған жағдайда қолданылатын 4 өрт сөндіру автокөлігі бар. Аталған аумақта 410 шақырым минералдандырылған жолақтармен жабылды. Ғарыш түсірілімдерін алу үшін жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық мониторингі бойынша келісім-шартқа отыру жоспарланып отыр, - деді Маңғыстау облысы ТЖД басшысы, полковник Мұрат Мұханов.
Сонымен қатар, өрт қауіпті кезеңі аясында азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман шаруашылықтары мен жергілікті атқарушы органдар қатарынан 122 қызметкерден тұратын 6 мобильді топ құрылды.
- Маңғыстау облысының әсіресе ауылдарында өрттің алдын алу үшін 412 адамнан тұратын 38 ерікті топ құрылған, 125 бірлік техника мен жабдықтар бар. Бұдан басқа, облыс аумағында жергілікті атқарушы органдардың шығу техникасымен 6 өрт сөндіру бекеттері бар. Бұл 7 елді мекенде 40 мыңнан астам адамды өрттен қорғауға және қамтуға мүмкіндік береді, - деді департамент басшысы.