Ақтауда 5 шағынаудан №41-үйдің тұрғындары 50-ге жуық жапырақты және жеміс ағашын отырғызған. Сондай-ақ, тұрғындар ойын алаңына балаларға арнап, ертегі әлеміндегі әртүрлі кейіпкерлерді жасаған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5 шағынаудан тұрғындары ауласында көктем және күз мезгілінде сенбілік ұйымдастырады. Тазалық жұмыстарын жүргізіп, жасыл желектерді суарады. Аталған тұрғын үйдің тұрғыны Любовь Белованың айтуынша, бұл жұмыстар ауызбіршіліктің арқасында орындалып жатыр.
- Алғашында үйдің ауласында қураған ағаштар болды. Оларды алып тастап тазартуға қала әкімдігі көмектесті. Бүгінде ауламызда жеміс ағаштары және гүлдер бар. 16 жеміс ағашы, 27 жапырақты ағаш, раушан гүлінің 42 және мамыргүлдің(сирень) 8 бұтасы өседі. Ауланы күтіп ұстауға үйдің белсенді тұрғындары атсалысады. Тазалық және абаттандыру жұмысына балаларды да баулимыз. Оларға қоршаған ортаға құрметпен қарауды үйретеміз, - деді ақтаулық тұрғын Любовь Белова.