Бүгін, 20 наурыздан Ақтау-Ақшұқыр-Ақтау, Ақтау-Сайын-Шапағатов-Ақтау бағытында жаңа қоғамдық көліктер қатынай бастады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау-Ақшұқыр-Ақтау қоғамдық көліктің қызмет көрсететін мекемесі "Caspian Trans Corporation" ЖШС болса, Ақтау-Сайын-Шапағатов-Ақтау бағытында жеке кәсіпкер Сералиев қызмет көрсетеді.
Жаңа автобустар тұрғындар үшін қолайлы, кең әрі заманауи. Қыста жылы, жазда салқындатқышы бар. Сонымен қатар "Infobus" мобильді қосымшасы арқылы автобустардың қай жерде келе жатқанын да бақылауға болады.
Ауыл тұрғындары алғысын айтып, жылы лебізін білдірді.
- Бүгін ауылымызда су жаңа автобустар қатынап жатыр, қуаныштымыз. Іші жылы, кең және таза жақсы автобус екен. Осындай мүмкіндіктер үшін ризашылығымызды білдіреміз, – дейді ауыл тұрғындары.