Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылының 1990 жылы туған жастары Құлсарыдан Түпқараған ауданына уақытша қоныстанған балаларға ерекше көңіл-күй сыйлап, ертегі кейіпкерлерімен түрлі танымдық ойындар ойнады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалардың басым бөлігі осы кейіпкерлердің қызыққа толы хиқаяларын ерекше ынтамен тамашалады. Бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерінің қойылымдарын көріп қана қоймай, тағамдармен қамтамасыз етілді.
Ұйымдастырушылар осындай сәтте қолдау білдіріп, қуаныш сыйлау маңызды екенін атап өтті.
- Біз балаларға қуаныш сыйлауды жөн санадық. Бұл іс-шараға құидастарымыз да бірауыздан атсалысты. Балаларға осындай іс-шара өткізуді қолға алып, көңіл-күй сыйлағанымызға қуаныштымыз, - дейді Ақшұқыр ауылының 1990 жылы туған жастары.