Бүгін Ақтауда «16-13 трансформаторлық қосалқы станциясында» апаттық өшу болды. Мамандар ақауды жойып сағат 22:50-де жарықты қосты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
Аталған трансформаторлық қосалқы станциясы 16 шағынаудандағы бірнеше тұрғын үйге электр қуатын береді. Мамандар зақымдалған тауып, кабельді жөндеу жұмыстарын жүргізді. Мамандардың айтуынша, кабельдер 3-5 метр тереңдікте орналасқандықтан, сол үшін зақымдалған жерді табу қиындық туғызған.
Айта кетейік, аталған желі «Highwell» ЖШС құрылыс компаниясының иелігіне кіреді. 2017 жылдан бастап бұл желіде жиі ақау бола бергендіктен, 10 рет жөндеуден өткен. Нысандарды үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін осы желіні жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын АЭЖБ МКК өз қаражатына жүргізіп келеді.