Ақтауда «Компания Строй Инвест 2020» ЖШС жұмысшылары күндізгі кезекшілікте автомобиль жолдарында еріген қардың суын сорып алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандар автомобиль жолдарынан 75 м3 еріген қар суын тазалады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
Атап айтқанда
-7 және 5 шағынаудан аралығы;
-№25 және №24 автомобиль жолының қиылысы, «Дина» гипермаркетінің маңы;
-№18 автомобиль жолы, облыс әкімдігінің алды;
-17 шағынаудан «Халық арена»;
-16 шағынаудан, «Инара» ТҮК-нің маңы.
Бұл жұмыстарға 1 жауапты шебер, 5 жұмысшы, 2 жүргізуші, 1 газель, 1 бойлер автокөлігі және 4 мотопомпа жұмылдырылды. Автомобиль жолдарынан 75 м3 су алынды. Мамандардың айтуынша, қар суын тазалау жұмыстары таңғы 8:00-ге дейін жалғасады.