Ақпан айында Алматы қаласында «Самға» балалар мен жасөспірімдер шығармалышық орталығы ұйымдастырған «Жалынды жұлдыз, жарқыра!» республикалық онлайн-байқауы өтті. Оған Ақтау қаласынан Арайлым Досметова да қатысып, бақ сынап көрді.
Фортепианода ойнап отырған бейнежазбасын ұстазы Лаура Шадманованың ұсынуымен әділқазылар алқасына жолдағанда, Арайлымның шеберлігі жоғары бағаланды. Сөйтіп, кәсіпқой мамандар бірауыздан шешім шығарып, жерлес қызымызға «Аспапта ойнау» аталымы бойынша бас жүлде бұйырды.
Арайлым Досметова Ақтау қаласындағы №15 мектептің 8-сыныбының оқушысы. Сабақтан бос кезінде «Николайқызы Саз Орталығындағы» фортепиано сыныбында оқиды. Өңіріміздің атын шығарып жүрген өнерпаз жастардың қатарына қосылған қызымызды алғашқы жеңісімен құттықтап, биік белестерді бағында беруіне тілекшіміз.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА