Автобустарында жол жүру тарифін 50-ден 70 теңгеге дейін арттыру туралы қаулыны қала әкімдігі 2020 жылғы 17 ақпанда қабылдады. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Оnline.zakon.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ақтау қаласында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға барлық маршруттар үшін бірыңғай тариф 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде белгіленсін, делінген қаулыда.
Жарлық 10 жұмыс күнінен кейін күшіне енеді. Ақтауда жаңа тариф 2020 жылдың 2 наурызынан бастап жұмыс істей бастайды.