Бүгін, 25 ақпан күні төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Ақтау көшелерінде «Көктем – 2020» республикалық командалық-штабтық жаттығу өткізді. Жаттығуға 72 техниха және 300-ден аса адам қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шараның негізгі мақсаты – су басу қаупінің алдын алу, төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау. Оған жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жаттығу барысында дабыл бойынша шұғыл әрекет ету жасағын жинау, тұрғызу және қарау дайындығы тексерілді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА