Бұл туралы Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
2020 жылы ақпанның 25-26 күндері аралығында Қазақстан Республикасының ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің басшылығымен «2020 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңі жағдайына төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық жаттығуы өткізіледі.
"Осыған орай ақпанның 25-і күні сағат 10:00 бастап Ақтау қаласының жоғарғы және төменгі аймақтарында электрдабылдары іске қосылады. Сабырлық сақтауыңызды сұраймыз", делінген хабарламада.