Маңғыстау облысының «ForteBank» АҚ филиалының директоры», облыстық мәслихат депутаты Аббат Өрісбаев «Маңғыстау Медиа» холдингіне арнайы келіп, #Abai175 жылдығына арналған күнпарақтарды табыстады.
Биыл қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абайдың туған күніне 175 жыл толады. Оның даналығы мен өзектілігі туралы аз айтылған жоқ. Ғұламаның мерейтойы - оның шығармашылығына өзгеше қырынан үңілуге тамаша мүмкіндік. Осыған орай Forte bank арнайы күнпарақтар жасап шығарды. Күнпарақ беттерінде классиктің танымал ой-толғамдары мен бірнеше елдің жас дизайнерлері мен иллюстрациялаушылары жасаған графикалық жұмыстар сабақтасады, делінген күнпарақта.
Алғысымызды білдіре отырып, ары қарай байланысымыз нығая беруіне тілектестік білдіреміз!