ҚР Президент әкімшілігі мен Маңғыстау облысы әкімінің келісімі бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы лауазымына полиция генерал-майоры Бақтыбаев Жанарбек Төлеубекұлы тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жаңа басшыны жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров таныстырды.
Жанарбек Бақтыбаев 1963 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1983 жылдан бері қызмет атқарады. ІІМ Орталық аппаратының басшылық лауазымдарында, сондай-ақ Павлодар, Қызылорда, Шығыс Қазақстан Полиция департаменттерінде басшылықта тәжірибесі мол.
Ал Полиция полковнигі Таймерденов Қанат Даниярұлы Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА