Бұл туралы қала әкімі Ғ.Ниязов халыққа есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Атап айтқанда, инжинирингтік-болат конструкцияларды, мобильді теңіз (офшорлық) контейнерлерін, кәрзеңкелер мен композициялардан және скиптерден жобалау мен дайындау бойынша монтаждық кешен «Fiberglass Tank Production» ЖШС өз жұмысын бастайды. Жоба құны - 937,5 млн теңге болатын кешен 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.
Қала әкімінің айтуынша, биыл жоба құны 5,8 млрд теңге болатын 3 жоба іске қосылады. Нәтижесінде 295 жұмыс орны ашылады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН