Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында кәсіпкерлік саласы жақсы дамып келеді. 2019 жылы ауданда 2080 бизнес субъектісі тіркелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,2% көп. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарда 4 мыңға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Жергілікті өнім шығару 64% өсті. "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасымен 15 жобаны субсидиялау мақұлданған. Ауыл шаруашылығын сумен қамту үшін 106 млн тг, ал асыл тұқымды мал шаруашылығына 16 млн тг субсидия бөлінді. Бұл туралы бүгін өз есебінде МО кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев баяндады.
«Өткен жылдың қортындысы бойынша, өңірлік кәсіпкерлер палатасына ауданнан бизнестің құқығын қорғау бойынша – 9 өтініш, оның 8-і оң шешімін тауып отыр, Ал қызметтерді цифрландыру бойынша, «Atameken Service» онлайн-платформасы іске қосылғаннан бері 81-ден астам кәсіпкер кеңседен немесе үйден шықпай сандық жүйені пайдаланды. 43 тұтынушы «Өз-өзіне қызмет көрсету» аймағының қызметін қолданған. Ал, «Бастау» жобасы негізінде жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған тұрғындарды оқыту бойынша Түпқараған ауданында 191 адам оқытылды. Соның ішінде 129 адам өз жобасын аудандық көлемде сәтті қорғап шықты. Қазіргі таңда қаржыландырылған адам саны 77, оның ішінде 9 адам 2018 жылғы түлектер. Сонымен бірге, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 50 жасты оқытылды. 23 жас өз кәсібін ашып отыр. Жобалардың құны - 26 млн теңге,оның ішінде 4 жас 6 пайызбен несие алды, қалған 19 жас 505 000 тенге грант алды», - дейді ӨКП директоры Нұрбек Қарасайұлы.
Түпқараған ауданында 2019 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 16 жұмыс орны сақталып, 46 жаңа жұмыс орны құрылды. 111 млн теңге тұратын 5 жоба өңірлік үйлестіру кеңесінен мақұлданды.
Бағдарламаның барлық кезеңінде 87,5 млн теңгенің екі жобасы субсидияланды, тағы екі жоба 23,3 млн теңгеге кепілдеме алды. Бір жоба 3 млн теңге грантқа ие болды.
Түпқараған ауданында ауылшаруашылық саласының мал және егін шаруашылығы бағытында дамуда. Ауданда 317 шаруа қожалығы бар. Оның ішінде 286 мал шаруашылығы, 31 егін шаруашылығы, 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс істейді. 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы шығарылымы барлығы 2687,1 млн тенге.
Оның ішінде мал шаруашылы 1782,7 млн теңге болса, өсімдік шаруашылығы 334,5 млн теңге, нақты көлем индексі 102,3 пайыз. 2019 жылы ауданда 220 га жерге шаруалар егін екті. Мұнда өнеркәсіптік және фермерлік үлгідегі жылыжай бар. Аудан бойынша 7 жылыжай бар. 2019 жылы 247 тн өнім алынды.
Тыңайтқыштарды субсидиялау бойынша 609 803 теңге қаражат 10 шаруашылыққа 28,2 тонна тыңайтқышқа берілді.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті оның ішінде ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында өткен жылы республикалық бюджеттен ауданға біраз қаражат бөлінді.Нәтижесінде аудан бойынша 171 млн теңге игеріліп, 50 жұмыс орны ашылды.
Осы жайттардың бәрінен толығымен танысқан ауыл кәсіпкерлері кезек-кезек сауал қойды. Түпқарағандық кәсіпкерлер жер, несие алу, өнім өткізу, СТ-kz сертификатын алу, кәсібін кеңейту сынды сұрақтарына жауап алды. Есептік кездесу ертең Қарақия ауданында жалғасады.