31 қаңтар күні Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов қала тұрғындары алдында есеп береді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қала әкімінің есеп беруі сағат 11:00-де 34 шағынаудандағы Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында өтеді.
«Бұл күні арнайы "call-center" жұмыс жасайды. Барлық сұрақтар мен ұсыныстарыңызды aktau.esep.2020@mail.ru электронды поштасына жібере аласыздар немесе 30 25 52 нөміріне қоңырау шалуға болады», - деп мәлімдеді Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН