Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің Жағалау Өңірлік басқармасына қарасты 2201 «Б» әскери бөлімінің құрылғанына 20 жыл толу мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Жағалау күзеті өңірлік басқармасының бастығы полковник Каюпов Алибек Амангелдіұлы, Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Талғат Алтынғалиұлы, «Орал «Зенит» зауыты» АҚ директоры Валиев Вячеслав Хамзиевич және шекара қызмеітнің ардагерлері арнайы қатысты.
Жиын барысында Талғат Алтынғалиұлы: «Сіздерді ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің 2201 Б әскери бөлімінің құрылғанына 20 жыл толуымен өз атымнан және аудан тұрғындарының атынан шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің ел шебінің қауіпсіздігін қырағылықпен күзетудегі қол жеткізген табыстарыңыз мен жетістіктеріңіз біздің ортақ абыройымыз бен мүлтіксіз орындауға тиіс міндетіміз. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап еліміздің тыныштығы мен шекарасының қауіпсіздігін қырағылықпен, жоғары жауапкершілікпен күзетіп келе жатқан шекарашылардың, ардагерлеріміздің өз қызметтерін тәуекелге бел байлай, мінсіз, адалдықпен атқаруы – ерекше құнды», деді. Сонымен қатар Түпқараған ауданының әкімі Айбек Қосуақұлының құттықтауын жеткізді.