Қазақстан ТМД-дағы ең танымал авторлық тур, маршруттар мен саяхаттың 2020 жылға арналған рейтингінде көш бастады. Танымал авторлық тур бағытына Ақтау қаласы, Бурабай, Алматы облысы енген. Бұл туралы Turstat.com туристік порталы мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ең танымал авторлық турлар рейтингінде Қазақстаннан басқа Беларусь, Әзербайжан, Армения және Өзбекстан елдері алдыңғы орыннан көрінген.
Сонымен қатар Минск, Минск (Несвиж) және Витебск (Здравнево), Беларусь, Алматы облысы, Бурабай (Бурабай) және Ақтау, Баку, Гобустан, Шеки және Әзербайжандағы Габала, Ереван, Севан және Джермук Армения, Ташкент, Бұхара және Өзбекстандағы Самарқанд қалалары ТМД бойынша ең танымал бағыттар қатарына енген.
Айта кетейік, рейтинг авторлық құқығы қорғалған турлар мен ұсыныстар нарығын талдау негізінде көпке ұсынылып отыр.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА