Бүгін Ақтауда 12 және 13 ш/а байланыстыратын тас жолындағы Маңғыстау облыстық полиция департаменті ғимаратының жанында жеңіл автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"103" қызметіне оқиға туралы хабарлама таңертең 08:33-де түскен. Араға 4 минут салып 08:37-де жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткен. Мамандардың айтуынша, 29 жастағы келіншектің бас миы шайқалып, бас сүйек миына зақым келген. Тағы да жеңіл жарақаттармен әйел облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген.
- Қазіргі уақытта травмотологиялық бөлімшеге жатқызылды. Жағдайы тұрақты. Есін жоғалтқан жоқ. Қажетті ем-домын алып жатыр. Жағдайы жақсарған бойда үйіне жіберіледі, - деді облыстық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ