8 желтоқсанда республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, онымен аязды, негізінен жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz «Қазгидрометке» РМК-ға сілтеме жасап.
Бүгін күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде — желдің ұйытқу қатері, қатты көктайғақ. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, делінген Қазгидромет таратқан ақпаратта.
7-15 желтоқсан аралығында суық арктикалық ауа массаларының келуімен республика бойынша ауа температурасы күрт төмендейді,
Маңғыстау облысында түнде -18 градусқа дейін, күндіз -12 градусқа дейін аяз болады.