© Талант ҚҰСАЙЫН
Қаңтар-қыркүйек айларында Маңғыстаудағы орналастыру орындарына 6,2 млн адам келген. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,2%-ға көп. Ішкі туризмге бұл «плюс» әкелгендер қатарында қазақстандық туристер басым. Олардың саны жарты миллионға жеткен: яғни 5,4 миллион адам, ал 2022 жылғы 4,9 миллион адам болған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты finprom.kz сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросы қонақ үй иелері хабарлаған туристерді ғана есепке алған. Өзін-өзі ұйымдастырған демалушылар туралы деректер ресми статистикадағы есепке қосылмаған.
Қонақ үйлер мен отельде тұрақтаған 3 миллионнан астам адам осы жазғы маусымда курорттық аймақтарда демалған.
Елде туристік 19 аймақ бар. Ең көп келетін курорттық аймақ - Алматы тау кластері, онда 2023 жылдың үш тоқсанында 1,7 миллион адам демалған.
Танымалдық бойынша екінші орынды бес жұлдызды қонақүйлер жұмыс істей бастаған Каспий теңізінің жағалауы алды. Өңір тарихында алғаш рет Ақтауда басқа елдерден чартерлік туристік рейстер ашылды. Ресми мәлімет бойынша, облыстағы қонақүйлерге, отель және туристік орталықтарға 299,3 мың адам келген. Каспий теңізінің жағажайындағы туристік нысандарда қызмет көрсету сапасы артқан соң келушілер саны да күрт өскен: плюс 42,2%.
Туристер арасында танымалдығы бойынша Алакөл курорттық аймағы үшінші орынға тұрақтанды. 287,9 мың қазақстандық пен ел қонақтары тұзды көлде шомылып, емдік балшықты пайдаланған.
Туристердің өмір сүру құнына келетін болсақ, республика бойынша орташа көрсеткіш 12,4%-ға, бір адамға күніне 9,8 мың теңгеден 11 мың теңгеге дейін өсті. Курорттық аймақтарда баға сәл жоғары болды: 12,1 мың теңге (плюс 12,2%).
Мәселен, Бұқтырма су қоймасының туристік орталықтарында биыл бір адамның өмір сүру құны 4,1 мың теңгеге жеткен. Ал Маңғыстау облысында 4,7 есеге өсті, нақтыласақ 19,1 мың теңгеге жеткен. Бұл - ең жоғарғы баға. Туристерді орналастырудың ең жоғары құны бойынша екінші орынды Алматы тау кластері иеленді, мұнда қонақүйлерге келушілер күніне орта есеппен 16,1 мың теңге төлейді.