2019 жылдың мамыр айының 16 жұлдызынан Жаңаөзен қаласы әкімінің №34 ж/қ Өкімімен, Абишаев Расул Жумабекович Қызылсай ауылы әкімі болып тағайындалды. Абишаев Расул Жумабекович - білімі жоғары, 2009 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Аймақтану» мамандығы бойынша бітірген. 2010-2011 жылдары «Жаңаөзен қалалық «Каспий» педагогика және салалық технлогиялар колледжінде оқу бөлімінің хатшысы, оқу өндірістік тәжірибе бөлімінің меңгерушісі; 2011-2012 жылдары «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман, бас маман; 2012 жылы «Жансая» жекеменшік қонақ үйінде атқарушы директор; 2012-2013 жылдары «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман; 2013-2015 жылдары «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман; 2015-2017 жылдары «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы; 2017-2019 жылға дейін Қызылсай ауылы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.