Ақтау қаласының №29 орта мектеп базасында Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында Нияз Тобыш пен Жұмагүл Пилтанның «Ағылшын тілін үйренуші қазақтарға тән қателіктер және оларды түзетудің жолдары» атты мұғалімдерге көмекші құрал кітабының тұсаукесері өтті.
Басқарма басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева кіріспе сөзін сөйлеп, салтанатты шараны ашты. Тұсаукесер рәсімін атқару құрметіне №1 кешкі мектептің мұғалімі Клара Жұмашева мен «Қайнар» колледжінің оқытушысы Түйме Кеңесова ие болды.
Тұсаукесер рәсіміне ішкі саясат басқармасы, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, «Рухани жаңғыру» офисінің мамандары, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің оқытушылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары, білім беру ұйымдарының директоры орынбасарлары мен ағылшын тілі пәні мұғалімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Шақырылған қонақтар авторларды шын жүректен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Үміт ЖӘЛЕКЕ