Ақтаудағы “Папабардың” толассыз шуынан шаршаған 5 шағынаудандағы 2 үй тұрғындарының бастамашыл тобы полицияға ұжымдық арыз жазды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Түнгі он екіде тұрғындар барға барып, полиция шақырды.
«Мен мекеме әкімшілігіне бардым, олар әншілерден құралған топ келгендіктен түнгі он екіге дейін музыка болатынын айтты. Біз не істеуіміз керек? Осы шудың бәрін біз әр демалыс сайын сағат бір-екіге дейін, кейде түнгі 3-4-ке дейін тыңдауға мәжбүрміз. Ұйықтау, демалу мүмкін емес, үйдің терезелері мен жиһаздар дірілдеп тұрады», – дейді тұрғын.
Тұрғындар полицияға да қайта-қайта хабарласып, бірнеше жылдан бері прокуратура мен әкімдікке де шағымданғандарын айтады.
«Полиция бізден ешқандай мәлімдеме түспегенін айтты. Арыз бар, біз бәрін өзімізге де сақтап қойғанбыз. Бар қызметкерлері дыбыс өткізбейтін құрылғы орнататындарын айтты. Бірақ ол да көмектеспейді. Бұл тұрғын үйлер орналасқан аудан, сондықтан тұрғын үйлерге жақын маңда мұндай мекемелер болмауы тиіс. Біз сағат 22:00, 23:00ден кейін демалғымыз келеді. Бұл мәселені айта-айта шаршадық, соңына дейін барамыз енді», – дейді үй тұрғындарының бірі.
Бар әкімшісі мен жалға алушы тұрғындарға шу тұрғындардың субъективті бағасы екенін, сондықтан олар ресми өлшемдерді талап ететінін айтты. Полицейлер тұрғындарға прокуратураға, СЭС-ке және сотқа хабарласуға кеңес берді. Әзірге тұрғындар тек ұжымдық арыз жазды.