Биыл мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы хабарлаған 5 адамға жалпы сомасы миллион теңге көлемінде сыйақы берілген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департамент қазіргі уақытта өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік танытқан адамдарды көтермелеу тәжірибесі кеңінен тарағанын атап өтті. Айта кетейік, жемқорлық фактісі туралы шынайы ақпарат бергісі келетіндер 1424 нөміріне хабарласа алады.