13 сәуірде Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылында Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп жанынан спорт алаңы ашылды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында берілетін спорт алаңы ауыл азаматтарының демеушілігімен салынып отыр.
Ашылу барысында Жыңғылды ауылы әкімдігі Маңғыстау ауданының 90 жылдығына орай жастар арасында "Ауданым асыл аумағым" атты шағын футболдан аудандық ашық турнир ұйымдастырды.
Мерекелік кешке мекеме басшылары, аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Сарбалаев, үкіметтік емес ұйымдар мен ауыл тұрғындары қатысты. Спорт алаңының ашылуы белсенді азаматтардың әлеуметтік, қайырымдылық қызметпен айналасуға ынталандырып, ауылдың өзекті мәселелерін шешу үшін жағдай жасауға мүмкіндік берді.