Биыл бір белгілі компания «Мәңгілік алау» мемориалдық ескерткішін өз қаражатымен жөндеуге ұсыныс білдірді. Қазіргі таңда мекемемен арада келіссөздер жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметі өткізген брифингте қалалық ТКШ (ЖКХ) басшысы Берік Ізғалиев мәлімдеді.
Берік Ізғалиевтің айтуынша, «Мәңгілік алау» ескерткішіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2017 жылы сметалық құны – 89 миллион теңге тұратын конкурс жарияланған.
https://youtu.be/8eBGMYr16ng- «Мәңгілік алауға» күрделі жөндеу қажет екендігі бүкіл жұртқа белгілі. Соңғы рет 10 жыл бұрын жөнделіпті. Бірақ былтыр қаржыландыру болмағандықтан, конкурсты тоқтатуға мәжбүр болдық. Биыл тағы да конкурсты сол бағада жарияладық. Жақында бір мекеме өз қаражатымен «Мәңгілік алауға» жөндеу жүргізуге ниет білдірді. Қазіргі таңда сол мекемемен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Әзірге нәтижесі белгісіз. Биылғы жылғы конкурс тоқтатылған жоқ, - деді ол.
Конкурстық сметада көрсетілген талапқа сәйкес, Мәңгілік алау ескерткішіне кафельдің орнына сұйық жарлауық (жидкая травертина) қаптау көзделген.
- Гранит - ең мықты материал, өте ұзақ жылдар бойы бұзылмай тұрады, сол себепті Мәңгілік алау еденіне төселуі тиіс, - деді Берік Ізғалиев.
Айгүл ДӘДЕН Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстаудың ерекше көріністері (ФОТО)