©
Ақтауда теңіз жағалауын абаттандыру жұмыстары басталды, жұмыстар 15 шағынауданның 10 үйінен бастап «Самал» шағынауданына дейінгі аралықта жүреді, - деп хабарлады Ақтау қаласының ішкі саясат бөлімі.
Жобаға сәйкес 7,58632 га аумақты көріктендіру көзделген. Құрылыстың аумағы 1329,0м².
Теңіз жағалауын көркейту Ақтау қалалық құрылыс бөлімі тапсырысымен жүргізілмек. Жобалаушы «АТК-Жаңаөзен» ЖШС, мердігер ұйым «Альянс ЛТД» ЖШС.
Теңіз жағалауын көріктендіру жобасы 2018 жылғы 05 ақпанда №15-0032/18 мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алған.
Жағалауды көріктендіру жұмысы осы жылдың қазан айында аяқталуы тиіс.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="51225,51222,51224,51235,51232,51230,51229,51234"]