©
2018 жылы Маңғыстауда ауыл шаруашылығы бойынша атқарылатын жаңа жобалар негізінде 237 жұмыс орны ашылады. 2018 жылға жоспарланған жобалардың инвестициялық құны шамамен 8, 808 млрд теңге құрайды. Бұл туралы Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Серік Қалдығұл мәлімдеді.
- Өлкемізде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында берілетін кредит бойынша 2017 жылы республикалық бюджеттен 474 000,0 мың теңге қаралып, түгелдей игерілді. Ауылдық елді мекендерде тұратын 130 азаматқа шағын несие беріліп, 219 адам жұмыспен қамтылды. Ал 2018 жылы 490 251,0 мың теңге бөлінді. 150 адамға кредит беріліп, шамамен 250 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Қосымша 1,5 млрд. теңге қаржы сұралып жатыр», - деді Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Серік Қалдығұл.
Айта кетейік, ресми мәліметтерге сәйкес, облыс бойынша 2017 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 13,7 млрд.теңге, оның ішінде егін шаруашылығында 2,8 млрд. теңге, мал шаруашылығында 10,9 млрд. теңге болды.
Айгүл ДӘДЕН Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="49761,49760,49759,49757,49758"]