©
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің баспасөз хатшысы әрі ресми өкілі лауазымына Данияр Оралов тағайындалды.
Еңбек жолын «Астана» телеарнасының тілшісі және жаңалықтар жүргізушісі қызметінен бастаған.
Данияр Оралов әр жылдары 7 арнада жаңалықтар жүргізушісі, «QAZAQSTAN» ұлттық арнасында редактор, ҚР Әділет министрінің Баспасөз хатшысы, «Хабар» агенттігінде «Тур де Хабар» бағдарламасының жүргізушісі болған.
«24KZ» («ХАБАР24») телеарнасының эфирінен шыққан «Замандастар», «Парламент», «Елім менің», «QAZAQSTAN» ұлттық арнасынан эфирге шыққан «Жиһанкез» бағдарламаларының авторы.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды облысы соттарында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жөніндегі комиссия құрамында жұмыс істеді.
Үйленген, 4 баланың әкесі.