25744 әскери бөлімінің қызметшілері Батыс Қазақстан облысының Орал қаласындағы су тасқынын бөгеу үшін көмекке аттанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгінге дейін теңіз жаяу әскері бригадасынан 600-ден астам әскери қызметкер бөлінді. Атырау облысының Махамбет ауданында 300-ден астам әскери қызметші болса, 100-ге жуығы Құлсарыға, 200-ден астам әскери қызметкер Оралға бөлінген.
Су тасқынымен күреске 20-дан астам әскери техника жұмылдырылды.