Ақтауда мүмкіндігі шектеулі 11 мың 77 адамға бір реттік әлеуметтік көмек беріледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 мың 900 теңге көлеміндегі біржолғы көмек I, II, III топтағы мүгедектігі бар адамдарға беріледі. Мамандардың айтуынша, бұл қаражат әр түрлі банк және қазпошта счеттары арқылы түседі. Ал бүгіннен бастап оларды базаға тіркеу басталады.
- Дүйсенбіден базаға тіркеу және тексеру жұмыстары жүргізіледі. Өйткені қайтыс болған, көшіп кеткен және көшіп келген адамдар болуы мүмкін. Төлем барлығына әр түрлі банк счеттары мен қазпошта арқылы түсіріледі, - дейді Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Алия Тоғызбаева.
Айта кетейік, бұл атаулы бір реттік әлеуметтік көмек мүгедектігі бар жандар күніне орай берілмек.