Халықаралық футбол апталығы аясында облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі спортшылардың қатысуымен жарыстар өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
1-орын Мұнайлы ауданының командасына бұйырды. 2 және 3-орындарды Ақтау қаласы мен Қарақия ауданының футболшылары алды.
Футболдың қорытындысы бойынша Букенов Сағын үздік қақпашы, Қайыпбергенов Қазыбек үздік қорғаушы атанды. Үздік шабуылшы атағы Жәнібек Құрбанаевқа, ал үздік ойыншы Қабылов Нұрсұлтанға берілді.