Күні кеше Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров Жаңаөзенде жедел жәрдем қызметкерін бұрынғы әріптестері ұрғанын мәлімдеген еді. Ал қызметтен кеткендер ешкімді ұрып-соқпағанын айтып, редакциямызға жүгінді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Бұл жігітті басшылар арыз жазуға итермелеген. Көріп тұрғаныңыздай ол сап-сау. Қазір Мұнайлы ауданында жұмыс істеп жүр. Соққыға жығылғанын ауруханада жатып шықты деген қағазбен дәлелдеп отыр. Ол қағазды жасай салу оп-оңай. Біздің басшылар айтқандай жарақаты болса, ол қалай дәл қазір жұмыс істеп жүре алады?, - редакциямызға жүгінген Жаңаөзен қаласы жедел жәрдем станциясының бұрынғы қызметкері.
Бұдан бөлек, олар Жаңаөзеннің станциясынан жұмыстан кеткендер саны 30 емес, 70 деп отыр. Тіпті оған дәлел де бар екенін жеткізді. Ал МО денсаулық сақтау басқармасының басшысы осы күнге дейін тек 30 қызметкер өз еркімен жұмыстан кетті деуден жалықпай келеді.