Есірткі бизнесіне қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатындағы «Дәрмек» жедел-профилактикалық кезінде облыс бойынша есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметкерлер 26 оқиғаны анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша жауапкершілік көзделген есірткі заттарын сатудың төрт фактісі анықталды. Тағы екі факт – құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша, бір факт – ҚК-нің 303-бабында көзделген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды есепке алу және сақтау қағидаларын бұзу бойынша. Қалғаны - ҚР ҚК 296-бабының 2,3-бөліктерінде көзделген 19 факті.
Сонымен қатар полицейлер 1 келі салмақта әр түрлі есірткі заттарын тәркіледі. Жеті нысан, оның ішінде 3 медициналық және 5 өндірістік нысан тексерілді. Осы шаралар барысында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына қатысты 8 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.