Облыс әкімдігінің телеграм каналына Ақтау қаласының тұрғыны жолға жасанды жол кедергісін орнатып беруді сұрады. Желі қолданушысының сауалына қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары жауап берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме бере отырып.
Тұрғынның айтуынша, 17 шағынаудандағы 77-үй мен 87-үйдің артында жол кедергісі болмағандықтан көліктер сол маңда жиі жол-көлік апатына ұшырайды. Әрі қатты жылдамдықпен жүретін көліктер жаяу жүргіншілердің өмірі үшін де өте қауіпті болып отыр. Сондықтан аталған жерге жасанды жол кедергісін орнатып беруді сұрады. Тұрғынның сауалына Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі маманы жауап берді.
-Бүгінгі таңда 2021 жылдан бастап, тұрғындар тарапынан түскен арыз-шағымдар негізінде жасанды жол кедергісін орнату жұмыстары жүргізілуде. Тізім бойынша 120 жуық орынға жол кедергісін орнату бойынша өтініштер келіп түсті. Қазіргі таңда аталған тізім бойынша 40 орынға жасанды жол кедергісі орнатылды. Облыс әкімдігінің телеграм каналына өтініш берген тұрғынның мекен-жайы да аталған тізімге енгізіліп, алдағы уақытта жол кедергілері орнатылатын болады, дейді жауаптылар.