Ақтау қалалық патрульдік полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде Nissan Qashqai автокөлігін тізгіндеген әйел жүргізу құқынан айырылғанын анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
30 жастағы азаматшаға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігімен хаттама толтырылып, автокөлігі уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Одан әрі шаралар қабылдау үшін материал әкімшілік сотқа жолданды.