Ақтаудағы теңіз жағалауында «Отбасым – алтын қазынам» атты интеллектуалдық ойындар сайысы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық дін істері басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайысқа дін істері басқармасына қарасты ақпараттық талдау орталығынан 6 жанұя қатысты. Мақсаты - отбасы институтын нығайту, қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау, татулық пен бірлікті нығайту. Шараны өткізуге облыстық дін істері басқармасы ұйытқы болды.
Байқауға басқарма басшысы Мақсатбек Шахзадаұлы қатысып, қатысушыларға қазылық етті. Сайыс бағдарламасы бойынша отбасылар "Көңілді старт", "Үй тапсырмасы", "Мақал-мәтел" сайысы, "Жұмбақ шешу", "Тапқырлық", "Қазақ ойшылдарының өлеңдері" тақырыптарында сайысқа түсті. Қазылар алқасының шешімімен отбасылар әр-түрлі номинациялар бойынша марапатталды.