Петиция alash.online.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сайт редакциясы петиция мәтінінің толық нұсқасын ұсынады.
Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлына, Маңғыстау облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлына.
Мен Ақтау қаласының тұрғынымын, осында туып-өстім.
Ақтау – жаңа идеялар мен дамуды қажет ететін жас, болашағы зор қала. Біз теңіз жанындағы қалада тұрамыз, бірақ өкінішке орай, қала тұрғындарының мұндай сезімі жоқ. Қалада тек екі-ақ абаттандыру алаңы бар. Олар: 15- шағын ауданнан басталатын жағалау мен жартасты соқпақ қана. Қаланың қалған бөлігі, коттедждер мен кеңестік қезеңде салынған, қазір қоқыс орынына айналған жерлер.
Неге біздің қала Дубай, Түркия, Грузия, Әзірбайжандағыдай жағалау туризмін дамытпайды?
Қаланың өзгеретін , түрленетін уақыты жетті емес пе?!
Жағалауды абаттандыру керек. Қалаға жаңа серуендеу алаңдарын, демалыс орындарын, заманауи бес жұлдызды қонақ үйлерді, тұрғындар мен туристерді қызықтыратын орындарды салып, аквапарктерді, спорт алаңдарын, яхта айлақтарын, пирстерді, балаларға арналған спорт алаңдарын, жүгіру және велосипед айлақтарын салу қажет.
Жағалауды қаламыздың ең басты ерекшелігіне айналдырсақ, туристерді тарта аламыз. Сонда, туристер мен инвесторлардың ақшасы қалаға құйылар еді. Біз сонда басты байлығымыз - мұнай деген себептен құтыламыз, өзге саларда жаңа жұмыс орындарын ашамыз, қызмет көрсетуден ақша табамыз, Ақтауды Қазақстанның туристік астанасына айналдырамыз.
Біз ең болмаса болашақ ұрпақ үшін қаламыздың көркеюіне үлес қосуымыз керек деп есептеймін. Өйткені, қаланың көрікті жері - Каспий теңізі. Сондықтан Ақтауды туристік мақсатта дамытуымыз керек.
Петицияға «Каспий» спорт кешенінің бұзылуына қарсы бір топ жаттықтырушы мен ата-аналардың қарсылық білдірген өтініші себеп болды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғандай, “Каспий” спорт кешенінің орнына 8 мың орындық заманауи стадион салынады екен. Апаттық жағдайдағы ғимаратта шаң жұтқанша, жаңа заманауи ғимаратта жаттыққан жақсы емес пе?!
Бізге санамыздағы мұнай басты байлық деген түсініктен арылу керек, мұнай саласына мамандарды көптеп тартуды да доғару керек. Өзге елдердегідей туризмге назар аудару қажет. Мысалы, 50 жыл бұрын Батуми мер Анталия жайлы әлем бейхабар еді, қазір бұл жерлер ең танымал туристік аймақ.
Санамызды тазартсақ, бәсекеге қабілетті бола алатынымызға сенемін. Мұнай өнеркәсібінен алыстап, студенттерге бұл кәсіпті үйретуді доғару керек. Туризм мен сервиске ден қоятын кез келді.
Осылайша біз бәсекеге қабілетті боламыз, бәсекеге қабілетті болудың мыңдаған жаңа мүмкіндіктері бар, ең бастысы, біздің Ақтау «кеңестік» қала болудан қалып, Каспийдің нағыз інжу-маржанына айналатынына сенімдімін.